Мемлекет басшысы Нигерия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады


Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия президенті Бола Ахмед Тинубуға жеделхат жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 1 қазанда Ақорда мәлімдеді.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Бола Ахмед Тинубуды Нигерия Федеративтік Республикасы Тәуелсіздігінің 65 жылдық мерейтойымен құттықтады». Ақорда

Таратылған мәліметке сүйенсек, Президент жеделхатында Қазақстан мен Нигерия арасындағы қарым-қатынастың достық сипатқа ие екенін атап өтіп, қос халықтың игілігі жолында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға әзірлігін растаған.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қазақстанда жасанды интеллектіні дамытуға қатысты маңызды міндетті атағанын жазғанбыз.