17:05, 23 ақпан 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидземен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Грузия тарапының бастамасымен болған әңгімелесу барысында өзара қарым-қатынастың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы талқыланды, делінген 2026 жылғы 23 ақпандағы Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі көптеген мәселе бойынша ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін растады.
Көлік-транзит, энергетика және туризм секілді бағыттарға басымдық бере отырып, сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты кеңейтудің жай-жапсарына айрықша назар аударылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Тараптар жоғары деңгейдегі байланыстарды жандандыруға келісті.






Leave a Reply