Мемлекет басшысы барлық өңірде Инклюзивті спорт орталығын салу тапсырмасын берді


16:31, 25 желтоқсан 2025

Қазақстан Президенті ерекше күтімді қажет ететін балалар мәселесіне ерекше мән берілетінін атап өтті.

«Кеше мен Астанадағы Инклюзивті спорт орталығында болдым. Мұндай орталықтарды еліміздің барлық өңірінде салу қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Ол Үкіметке әкімдермен бірлесіп мәселені жан-жақты пысықтап, шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

«Бұл орталықтардың тек елордада ғана болуы дұрыс емес, әрбір облыста салу керек. Бұл әкімдердің жұмысындағы олқылық деп айтуға болады», – деді Президент.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы әлеуметтік міндеттемелерге назар аударды. Биыл зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге 5,9 триллион теңге бөлінгенін, ал келесі жылы бұл көрсеткіштің тағы 10 пайызға өсетінін жеткізді.