11:46, 24 желтоқсан 2025
2025 жылғы 24 желтоқсанда елорда нысандарын аралау кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев Tausogar зауытына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда мәліметіне сүйенсек, №1 Индустриалдық паркте орналасқан кәсіпорын құрылыс саласын заманауи жүк көтергіш машиналармен және механизмдермен қамтамасыз етеді.
«Президент елдегі ірі құрылыс компанияларына қажетті мұнара крандары мен эскалаторлар өндірісімен танысты»,- делінген ақпаратта.
Сурет: akorda.kz
Қазір Tausogar зауытында жоғары білікті 44 маман еңбек етеді. Өндіріс орны жылына 200 лифт, 70 эскалатор және 70 мұнара кранын шығара алады.
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы еңбек ұжымымен әңгімелесу барысында кәсіпорынның ел инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесін атап өтіп, оның алдағы уақытта бәсекеге қабілеттілігі арта түсетініне сенім білдірді.






Leave a Reply