Мемлекет басшысы Астанадағы саябақтардың біріне ағаш екті


11:12, 21 сәуір 2025

Мемлекет басшысы 2025 жылғы 21 сәуірде Астанадағы «Жастар» саябағында ағаш екті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда мәліметіне сүйенсек, ағаш егу «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалі аясында жүзеге асты.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалі аясында Астана қаласындағы «Жастар» саябағында экобелсенділермен бірге ағаш екті»,- делінген ақпаратта.

Сурет: akorda.kz

Бұл ретте, «Бүкіл қазақстандық ағаш егу күні» акциясы аясында еліміз бойынша соңғы үш күнде 4,5 миллионға жуық көшет егілгендігі атап өтілді.

Бұған дейін президент жарлығымен Моңғолияға, Шри-Ланкаға және Дания Корольдігіне жаңа елшілер тағайындалғандығы хабарланған болатын.