Мемлекеттік кірістер комитеті желідегі сыбысқа байланысты мәлімдеме жасады


22:08, 27 ақпан 2026

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті әлеуметтік желіде тараған ақылы қызметтер туралы ақпаратқа байланысты салық төлеушілерге жүгініп, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы комитет мәліметінше, мессенджерлерде электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде (ЭШФ АЖ) жұмыс істеуге байланысты мәселелер бойынша ақылы қызметтер көрсетіледі деген жалған ақпарат тараған.

«ЭШФ АЖ-нің ресми техникалық қолдауы тек ақысыз негізде көрсетілетінін хабарлаймыз. Ықтимал алаяқтық жүйенің алдын алу, сондай-ақ салық төлеушілердің есептік жазбаларына заңсыз қол жеткізуге жол бермеу мақсатында, комитет ЭШФ АЖ-сі бойынша тек мемлекеттік кірістер органдарының ресми интернет-порталында орналастырылған ресми қолдау арналарына жүгінуді қатаң түрде ұсынады», — дейді ведомстводан.

ЭШФ АЖ қолдау қызметінің ресми байланыс деректері:

  • Электрондық пошта: [email protected]
  • Телефон: +7 (7172) 72-51-61

Бұған дейін Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістердің ақпарат жүйелерін 14-тен 5-ке дейін қысқартып, ауқымды оңтайландыру процесін жүргізгені хабарланған.