14:07, 23 ақпан 2026
Әлемдегі ең қауіпті есірткі тасымалдаушының қазасынан кейін Мексикада тәртіпсіздік пен зорлық-зомбылық күшейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Новое поколение Халиско» есірткі картелінің басшысы, «Эль Менчо» лақап атымен танымал Немесио Осегера қаза болды. Бұл ұйым Мексикадағы ең ықпалды әрі қауіпті қылмыстық топтардың бірі саналады. Ол 2026 жылғы 22 ақпанда ауқымды әскери операция барысында көз жұмды.
In case you needed a reminder why border security is important and why we shouldn’t allow 10 million people to come across the border unvetted, this is Mexico right now: pic.twitter.com/rggfvJ72dX
— America (@america) February 22, 2026
Оның жетекшілігі кезінде картель Мексикадағы есірткі саудасында үстем ұйымдардың біріне айналып, синтетикалық есірткілерді, соның ішінде фентанилді АҚШ-қа заңсыз тасымалдаумен айналысқан.
Эль Менчоның қазасынан кейін елде жаппай тәртіпсіздіктер басталып, көліктер мен коммерциялық нысандар өртенді.
The people doing this to Mexico today are the same people ICE agents are trying to deport from the U.S.
Be more grateful to your government, liberals. pic.twitter.com/AC8KZhV9ID
— Mahyar Tousi (@MahyarTousi) February 22, 2026
РБК мәліметінше, билік шұғыл түрде қауіпсіздік жөніндегі жедел штаб құруға тапсырма берген.
Эль Менчо әлемдегі ең іздеуде жүрген әрі аса қауіпті есірткі барондарының бірі ретінде танылған. Оның басшылығымен CJNG халықаралық есірткі трафигін (әсіресе фентанилді), бәсекелес топтар мен күштік құрылымдарға қарсы қарулы шабуылдарды, сондай-ақ жоғары технологиялық қару қолдануды кеңінен дамытқан.
Бұған дейін Ресейде ер адам көршісіне тапаншамен оқ атқанын жазғанбыз.






Leave a Reply