Мейіржан Төребаев актер Мейірхан Шерниязовтан кейін бостандыққа шықты ма


2025 жылғы 3 шілдеде ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті вайнер Мейіржан Төребаевтың бостандыққа шыққан-шықпағаны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Редакция бұл сауалды актер Мейірхан Шерниязовтың бостандыққа шыққаны белгілі болғаннан кейін комитетке жолдаған еді.

«Бұл сотталушы Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде сот тағайындаған жазасын өтеп жатыр», — деп хабарлады ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметі бейсенбі күні.

Еске салайық, 2025 жылғы 3 шілдеде қазақстандық актер Мейірхан Шерниязов жазасын өтеп, бостандыққа шықты.