Мбаппе “Қайрат” қақпасына екінші голды соғып, дубль жасады


22:55, 30 қыркүйек 2025

Алматыдағы Орталық стадионда өтіп жатқан “Қайрат” – “Реал Мадрид” матчында мадридтік клуб тағы бір гол соқты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ойынның екінші таймында Килиан Мбаппе өзінің екінші голын тіркеп, есепті 0:2-ге жеткізді.

Жанкүйерлер ерекше атмосферада өтіп жатқан ойында “Қайраттың” қарымта шабуылдарын қызу қолдап отыр.

Матч жалғасып жатыр.