Маңғыстау облысында базар өртеніп кетті


2025 жылғы 2 қазанда Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылында өндірістік аймақ №3, 170-учаскеде орналасқан ағаш базары аумағында өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шақырту орнына жеткен бойда құтқарушылар ағаш қалдықтарының жанғанын анықтаған.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар департаментінің күштері шамамен 100 текше метр ағашты аман сақтап қалып, оттың жақын тұрған мейрамханаға таралуына жол бермеді.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Мәліметке сүйенсек, жану ауданы 250 шаршы метрді құрады.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

«Өртті сөндіруге барлығы 13 бірлік техника және 50 адам жеке құрам жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда»,- делінген ақпаратта.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бұған дейін Қарағандыда екі адам кәріз құбырын төсеу кезінде топырақ астында қалып, көз жұмғанын жазғанбыз.