Маңғыстаулық оқушылар 3 наурызда қашықтықтан оқытылады


10:55, 3 наурыз 2025

Маңғыстау білім басқармасы 3 наурызда оқушылардың қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылатынын мәлімдеді. Бұл немен байланысты. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Ведомство дерегіне сүйенсек, мектептер онлайн форматқа ауа райының қолайсыздығына байланысты көшті.

«Ағымдағы жылдың 3 наурыздағы ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтау, Жаңаөзен қалалары, Бейнеу, Маңғыстау, Қарақия, Мұнайлы, Түпқараған аудандарының мектептерінде сабақтар қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды»,- делінген ақпаратта.

Бұған дейін 27-28-ші ақпанда да оқыту қашықтықтан жүргізілген болатын.