Махсут Гусейнов ҚР Қарулы Күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды


Мемлекет басшысының өкімдерімен 2026 жылғы 3 сәуірде ҚР Қарулы Күштерінде лауазымдық ауыс-түйіс орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. Атап айтқанда, Махсут Гусейнов ҚР Қарулы Күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды.

«Махсут Курманалиевич Гусейнов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды». Ақорда

Сондай-ақ, «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне Бағлан Өсербаев келді.

«Бағлан Әбдіжәлелұлы Өсербаев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды».Ақорда