Майамидегі турнирде Рыбакина мен Путинцева бір-біріне қарсы ойнайды


11:47, 20 наурыз 2026

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева WTA-1000 санатындағы Майами турнирінің екінші айналымына жолдама алып, қазақстандық спортшы Елена Рыбакинамен кездеседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Индонезиялық теннисші Джанине Ченге қарсы матчта Путинцева ерік-жігер танытып, жеңіске жетті – 3:6, 6:3, 6:4. Кездесу 2 сағат 6 минутқа созылды. Ойын барысында Путинцева екі эйс жасады. Ал қарсыласы 12 эйс орындап, 9 қос қателік жіберген.

Сурет: Telegram/KTF

Осылайша, Юлия Путинцева турнирдің екінші кезеңіне өтті. Келесі ойында ол отандасы Елена Рыбакинамен кортта жолығады.

Бұған дейін Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінде Соболенкодан неліктен ұтылып қалғанын ашық айтұан болатын.