20:00, 30 қазан 2025
Джиу-джитсудан Қазақстан құрамасының өкілі Лейла Рахымжанова Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында үшінші орынды иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Рахымжанова 63 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін күресті.
Отандасымыз шешуші кездесуде Таиланд спортшысы Элиссавет Кокколиоуды 7:0 есебімен жеңіп, Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.






Leave a Reply