көршілері оқиғаның қалай болғанын айтып берді


21:20, 28 ақпан 2025

Астанада ер адам танысын басынан атып өлтірді. Көршілерінің айтуынша, күдікті — 50 жастан асқан отбасылы ер адам, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Бала-шағасымен осы үйде тұратын. Жап-жақсы жігіт болған. Ішімдік ішпейтін, жаман әдеті болмаған. Намазын оқып, әрқашан амандасып тұратын. Ал сырттан келген жұмыстасы бірдеңе шегіп келген көрінеді. Нақтысын білмеймін, тергеушілерден естігенім осы».Көршісі Оразхан

Қайғылы оқиға кеше сағат кешкі сағат бес жарым шамасында болды. Көршісінің айтуынша, күдікті мен марқұм әріптес болған. Екеуі жанжалдасып, ақыры соңында бірі мылтыққа жармасып басынан дәлдеп атқан дейді. Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем шұғыл жеткенімен, ол адам бірден жан тапсырды. Қазір әріптестер арасындағы қанды оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.