13:17, 26 ақпан 2025
Ақпан айында Көкшетау қаласында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі сатумен айналысқан азаматтың әрекетін тоқтатты.
Жедел іс-шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері негізгі жұмысына қоса өсімдік тектес есірткі заттарын сататын жиһаз салонының экспедитор-жүргізушісін ұстады.
Ұстау кезінде полицейлер оның автокөлігінен, жұмыс орнынан және тұрғылықты мекенжайынан марихуана оралған бірнеше орам тапты.
Жалпы алғанда заңсыз айналымнан бір келіден астам марихуана тәркіленді. Осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, әрі тергеу мен жедел іс-шаралар жалғасып жатыр.






Leave a Reply