18:51, 7 қараша 2025
«Қазгидромет» РМК Zakon.kz сайтына алдағы күндерге арналған ауа райының алдын-ала болжамын ұсынды. Синоптиктердің айтуынша, келесі аптада мегаполисте күн біртіндеп жылынады деп күтіледі. Бірақ жауын-шашынды болмайды деуге негіз жоқ.
«Қазгидромет» РМК-ның Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының метеорологиялық болжамдар бөлімінің бастығы Дәулет Кісебаевтың айтуынша, демалыс күндері оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарын жайма-шуақ ауа райы күтеді,яғни жауын-шашынсыз. Түнгі ауа температурасы 0 градусты көрсетеді, ал күндіз сынап бағаны +8…+10 градусқа дейін көтеріледі.
«Келесі аптаның басында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы күндіз +10…+12°C-ге дейін көтеріледі. Тек аптаның соңында ауа райы нашарлап, 13 қарашада күндіз жаңбыр жауады, ал 14 қарашада түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады». Синоптик Дәулет Кісебаев
Алматы қаласы бойынша 8-14 қарашаға арналған ауа райы болжамы
- 8 қараша: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні — 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -1…-3°C, күндіз: +6…+8°C.
- 9 қараша: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: 0°C, күндіз: +8…+10°C.
- 10 қараша: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: 0…+2°C, күндіз: +8…+10°C.
- 11 қараша: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +1…+3°C, күндіз: +8…+10°C.
- 12 қараша: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +1…+3°C, күндіз: +10…+12°C.
- 13 қараша: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні — 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +2…+4°C, күндіз: +10…+12°C.
- 14 қараша: аспан бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +1…+3°C, күндіз: +8…+10°C.
Бұған дейін «Қазгидромет» бірнеше өңірде қолайсыз ауа райы болатынын ескерткен болатын.






Leave a Reply