Күйеу жігітті өлтірген қазақстандыққа үкім шықты


13:55, 11 маусым 2025

Көкшетауда 21 жастағы тұрғынды неке қию рәсімін тойлау кезінде өлтіріп кеткен айыпталушыға үкім шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облыстық сотының мәліметінше, 2024 жылдың қарашасында Көкшетау қаласының ойын-сауық орындарының бірінде жәбірленуші С. достарымен некесінің қиылғанын атап өтті.

«Сотталған Б. сол ойын-сауық орнында достарымен бірге болған. Екі компания арасында ауызша жанжал туындап, оның барысында Б. үш рет С-ны пышақпен ұрған, оның бірі жүрекке тиген. С. алған жарақаттарынан жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды»,- делінген ақпаратта.

Айыпталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, кісі өлтіру фактісі жазылған мекеменің бақылау камераларындағы бейнежазбалармен және сараптамалардың қорытындыларымен дәлелденді.

Сот үкімімен Б.-ға 16 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалып, жәбірленуші тарапына келтірілген 10 млн. тенге моральдық залал өндірілді.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.