11:19, 28 наурыз 2025
27 наурызда «Мансудэ» съездер сарайында КХДР президенті Ким Чен Ынның атына Ресей президенті Владимир Путиннің мерейтойлық медалін тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
«1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы» мерейтойлық медалін беру туралы Ресейдің Пхеньяндағы елшілігінің әлеуметтік желілерінен белгілі болды.
Сурет: Facebook/RusEmbDPRK
«Ким Чен Ын КХДР аумағында қаза тапқан және жерленген кеңес азаматтарын еске алуға қосқан зор үлесі үшін медальімен марапатталды», – делінген ақпаратта.
Медалді Ресейдің КХДР-дағы елшісі Александр Мацегора Солтүстік Кореяның Жоғарғы Халық жиналысы Президиумының орынбасары Кан Юн Сокуға тапсырды. Ким Чен Ынның атынан қабылдап алған өкіл марапат үшін алғысын білдірді.
Сурет: Facebook/RusEmbDPRK
Бұған дейін Кореяда қазақстандықтар жол апатына түсіп, қаза тапқандығы хабарланған болатын.






Leave a Reply