12:16, 26 желтоқсан 2025
Танзаниядағы Килиманджаро тауында құтқару тікұшағы апатқа ұшырап, салдарынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sky News телеарнасының мәліметінше, апат теңіз деңгейінен 4 мың метрден астам биіктікте болған. Тікұшақ бортында медициналық себептермен эвакуацияланып жатқан екі шетел азаматы, сондай-ақ жергілікті дәрігер, гид пен ұшқыш болған.
«Апат сәрсенбі күні кешке таудың ең танымал альпинистік бағыттарының бірінде, науқастарды медициналық эвакуациялау кезінде орын алды», – делінген ақпаратта.
Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, тікұшақ медициналық эвакуациямен айналысатын Kilimanjaro Aviation компаниясына тиесілі болған. Қайғылы оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.
A helicopter deployed for a rescue operation crashed on Tanzania’s Mount Kilimanjaro, killing five people.
Follow: pic.twitter.com/1Ofj4ShIGv
— Press TV
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:






Leave a Reply