Карина Мағрупова әртістік жүзуден әлем чемпионатының финалына шықты


17:08, 18 шілде 2025

Сингапурда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

18 шілдеде әртістік жүзуден жарыстар басталды. Бұл сында Қазақстан атынан Карина Мағрупова өнер көрсетті.

Отандасымыз техникалық соло бағдарламасы бойынша 232.2050 ұпай жинап, 12 орынға жайғасты. Осылайша, Карина Мағрупова финалда бақ сынайды.

Айта кетейік, финалдық сайыс 19 шілдеде өтеді.