09:27, 11 наурыз 2026
Украиналық теннисші Марта Костюк (әлемнің 28-ракеткасы) АҚШ-тағы WTA 1000 Индиан‑Уэллс турнирі жарысының үшінші айналымында қазақстандық Елена Рыбакинамен өткен кездесуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жекелей сындағы үшінші айналымда Костюк әлемнің үшінші ракеткасы Рыбакинаға 4:6, 4:6 есебімен жол берді.
Теннисшінің айтуынша, бұл оның жарақаттан кейінгі алғашқы турнирі болған.
«Осымен менің Индиан-Уэллстегі жолым аяқталды. Бұл жарақаттан кейінгі алғашқы турнирім болды. Мұнда қайтадан жарысқа шығу мен үшін бақыт болды. Қолдау білдіргендердің бәріне рақмет. Келесі аялдама – Майами», – деп жазды Костюк әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Индиан-Уэллстегі «мыңдық» турнирінің төртінші айналымында 11 наурыз күні Рыбакина Ұлыбритания өкілі, әлемнің 54-ракеткасы Сонай Карталмен кездеседі.






Leave a Reply