12:31, 16 қазан 2025
Мемлекет басшысының шақыруымен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев жақында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда мәліметіне сүйенсек, бұл сапар 20-21 қазан күндеріне жоспарланған.
«Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі. Сонымен қатар президенттер Жоғары мемлекетаралық кеңеске және Қазақстан-Әзербайжан бизнес форумына қатысады»,- делінген мәліметте.
Бұған дейін президенттің Олжас Бектеновке экономикалық реформалар бағдарламасын жеделдетуді тапсырғанын жазғанбыз.






Leave a Reply