1 қазан 2025 жылы Мәжілістің жалпы отырысында Жұлдыз Сүлейменованың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Бұған дейін ол Қазақстанның Оқу-ағарту министрі қызметіне тағайындалған болатын.
«ОСК қаулысына сәйкес, берілген өтінішке байланысты Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату негізі туындады», – деді ОСК мүшесі Азамат Айманақұмов.
Өз кезегінде Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов экс-депутатқа атқарған еңбегі үшін алғыс білдірді.
«Барлық депутаттардың атынан Мәжілістегі белсенді жұмысыңызға ризашылық білдіремін. Жаңа қызметіңізде сәттілік тілеймін», – деді Қошанов.
Айта кетейік, Жұлдыз Сүлейменова 2025 жылғы 29 қыркүйекте Оқу-ағарту министрі болып тағайындалған еді.






Leave a Reply