18:58, 18 сәуір 2025
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Мадридте (Испания) өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құламбаева жұптық сында италиялық Николь Фосса Уергомен бірге ширек финалда грекиялық Элени Христофи мен америкалық Элизабет Мандлик жұбынан басым түсті.
Кездесу 6:3, 7:5 есебімен аяқталды.
Енді спортшылар финалға жолдама үшін күреседі. Олар Алжир спортшысы Инес Иббоу мен нидерландтық Бибиана Схоофсқа қарсы ойнайды.






Leave a Reply