Жойқын су тасқыны болған Индонезияда енді жанартау мінез танытып жатыр


20:36, 1 желтоқсан 2025

Индонезияда жүздеген адамның өмірін қиған су тасқынынан бөлек Семеру жанартауы атқылап, үш рет мінез танытты. Жан-жаққа жоғары температурадағы жанартау газы, күл және тау жыныстарының қалдықтары жаппай шашырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Antara мәліметінше, қазіргі уақытта Семеруге қауіптіліктің үшінші деңгейі танылды.

«Шенеуніктердің айтуынша, дүйсенбіде Семеру жанартауы үш рет атқылаған, соңғы атқылау кезінде күлдің көкке көтерілу биіктігі 900 метрді құрағаны байқалды», делінген хабарламада.

Басылым мал басын сақтау үшін ауыл шаруашылығы министрлігі жем, дәрумендер мен дәрі-дәрмектер таратып жатқанын атап өтті.

Семеру — Индонезиядағы Ява аралындағы ең биік жанартау, оның кратерінде лавадан пайда болған көл орналасқан.