Жезқазғандағы кейбір көшелерге жаңа атаулар берілді


Ұлытау облысы әкімдігінің қаулысы мен мәслихаттың шешімімен Жезқазған қаласындағы бірқатар көшелерге атаулар беріліп, кей көшелердің атауы өзгертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жезқазған қаласында мынадай өзгерістер болды:

  • Мир даңғылы – Бейбітшілік даңғылы болып өзгертілді;
  • Либкнехт көшесі мен Карл Либкнехт тұйығы (екеуі бір көшенің жалғасы болып табылады) – Қамза Жұмабеков көшесі болып өзгертілді.

Сонымен қатар, бұрын атауы болмаған көшелерге мынадай атаулар берілді:

Батыс ауданның бірінші кезегіндегі бірінші көшеге – Бектай Әбсаттар көшесі;

Батыс ауданның екінші кезегіндегі бірінші көшеге – Қалкен Мәкенбаев көшесі;

Батыс ауданның екінші кезегіндегі екінші көшеге – Түсіп Секеманов көшесі.

Аталған бірлескен қаулы 2025 жылғы 10 қазаннан бастап күшіне енеді.