16:31, 30 желтоқсан 2025
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстан азаматтарына мерекелік күндерде халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) мен арнайы ХҚКО-дардың жұмыс тәртібі туралы хабарлады, деп жазады Zakon.kz.
Жаңа жыл мерекесіне байланысты 2026 жылдың 1 және 2 қаңтары, сондай-ақ 7 қаңтарда барлық ХҚКО және арнайы ХҚКО-дар жұмыс істемейді.
«3 қаңтар (сенбі) кезекші ХҚКО және арнайы ХҚКО-дар үшін жұмыс күні болып табылады. Азаматтарды қабылдау сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жүргізіледі», – делінген хабарламада.
5 және 6 қаңтар жұмыс күндері болып саналады. Бұл күндері еліміздегі барлық ХҚКО мен МХҚКО әдеттегі кесте бойынша 09.00-ден 18.00-ге дейін қызмет көрсетеді.
Айта кету керек, будние күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде арнайы ХҚКО-дар, азаматтарды 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды.
«Кезекші ХҚКО және арнайы ХҚКО-дар дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні – 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді», – еске салды мемлекеттік корпорация.






Leave a Reply