4 сәуірге қараған түні Сауд Арабиясы чемпионатының 27-турында «Әл-Наср» өз алаңында «Әл-Наджма» клубын қабылдап, 5:2 есебімен ойсырата жеңді. Құрама капитаны Криштиану Роналду өз мансабындағы 966-ншы және 967-нші голын тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Криштиану Роналду 56-минутта пенальтиден гол соқса, 73-минутта ол әріптесінің берген пасын алыс бұрышқа дөп соқты.
Бұл – Роналдудың жарақатынан кейін өткізген алғашқы ойыны. Португалдық шабуылшы бұған дейін жамбасын ауыртып алған болатын. Ол Испанияда емделді. «Әл-Наср» осы жеңістің нәтижесінде 70-ші ұпайына қол жеткізіп, турнир кестесінің бірінші сатысына нық жайғасты.
zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!






Leave a Reply