Жамбыл облысында көлік сақшылары бір топ адамнан алты қап марихуана тәркіледі


13:26, 30 шілде 2025

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері «Қарасора – 2025» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында Жамбыл облысының Аспара – Құмөзек аралығы ауданында қызметтік-іздестіру итін қолдана отырып, жабайы өсетін марихуананы жинау кезінде бір топ адамды ұстады.

Тексеру барысында ұсталғандардан жалпы салмағы 53 келіден астам алты қап марихуана тәркіленді.

Сондай-ақ барлық тұлғаның бұрын сотты болғаны және Жамбыл облысының тұрғындары екені анықталды.

Есірткі заттарымен заңсыз айналысу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қажетті процессуалдық шаралар жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.