16:33, 11 ақпан 2025
Бүгін М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Тәуелсіздік залында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында құқық қорғау саласының өкілдері жастармен кездесті.
Шараға облыстық құқық қорғау органдарының өкілдері, М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің оқытушылары мен студенттері және бірқатар белсенді жастар қатысты.
Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Дөңгелек үстелді облыс әкімінің орынбасары С. Сәлемов жүргізіп отырды.
Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
«Заң мен тәртіптің дұрыс үйлесімі – қоғамның дамуына, өздеріңіздей жастарымыздың қауіпсіздігі мен бостандығына негіз болады. ҚР Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес, еліміздің барлық өңірлерінде «Заң және тәртіп» қағидаты аясында кездесулер ұйымдастырылуда. Алдағы уақытта облысымыздың әр ауданында осындай шаралар өткізілетін болады» – деді өз сөзінде облыс әкімінің орынбасары С.Сәлемов.
Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Кездесу барысында Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Б. Жанаев, Тараз қаласының прокуроры Н. Боранбаев және М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің проректоры А. Тұрлыбек баяндама жасап, «Заң және тәртіп» қағидаты аясында атқарылған жұмыстар және алдарғы жоспарларымен бөлісті.
Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі






Leave a Reply