19:24, 4 наурыз 2025
Жамбыл облысында қараусыз жайылып жүрген қойлар жолаушылар пойызының шұғыл тоқтауына себеп болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы – Маңғыстау бағыты бойынша келе жатқан жолаушылар пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды. Алайда соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады, салдарынан темір жол көлігі алты қойды басып кетті.
Пойыздың 5 минутқа тоқтап қалды.
Тексеру барысында көлік полицейлері теміржол қорғау аймағында мал жаю ережелерін бұзған мал иесін анықтады. Оған қатысты әкімшілік жаза қолданылды.






Leave a Reply