14:55, 30 сәуір 2025
2025 жылдың 27 сәуірінде Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен Талас ауданының орталығы — Қаратау қаласында қазақ күресінен 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында «Қолбасшы Қойгелді» атындағы ІІІ республикалық турнир өтті.
Дүбірлі додаға еліміздің 11 өңірінен келген 393 жас балуан қатысты. Турнирдің басты мақсаты — жастар арасында ұлттық спортты дамыту және жас спортшылардың шеберлігін шыңдау.
Бұл жарыс Қазақстан жастарының ұлттық спортқа деген қызығушылығы мен құрметінің артып келе жатқанын айқын көрсетті.
Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Турнир барысында жас балуандар спорттық бәсекеден бөлек, ел рухын асқақтатып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған маңызды іс-шараның қатысушылары атанды.
Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Айта кетейік, «Қолбасшы Қойгелді» атындағы турнир алғаш рет 2022 жылы облыстық деңгейде басталып, 2023 жылдан бері республикалық мәртебеге ие болып келеді.
Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Үш күнге созылған жарыс қорытындысында жеңімпаздар арнайы медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.






Leave a Reply