17:58, 6 қараша 2025
2025 жылғы 7 қараша, жұма күні Қазақстан аумағында қайтадан жауын-шашын түседі, деп хабарлайды Zakon.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Болжамға сәйкес, антициклонның сілемі әсер ететін батыс және оңтүстік өңірлерде ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады.
«Атлант циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстігінде, шығысында, орталығында және оңтүстіктің таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі», — деп хабарлады «Қазгидромет» баспасөз қызметі.
Сондай-ақ ел аумағында жел күшейіп, боран, тұман және көктайғақ болады.






Leave a Reply