Ертең Астанаға Еуропалық кеңестің президенті Антониу Кошта келеді


18:43, 3 желтоқсан 2025

Ертең, 2025 жылы 4 желтоқсанда Астанаға Еуропалық кеңес президенті Антониу Кошта ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:

«Биыл Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына 10 жыл толады. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективасын талқылайды».

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қабылдаған болатын.