Ерекше балалардың ата-аналары WhatsApp хабарландыру құрбаны болды


16:50, 10 қараша 2025

Елдің әртүрлі аймағынан 5 адамды алдаған алаяқ сот үкімімен жауапқа тартылды.

Ер адам WhatsApp-тағы «Біздің балаларға арбалар» тобы арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған пайдаланылған кресло-арбаларды сату туралы хабарлама таратқан. Жәбірленушілер хабарландыруға сеніп, алаяқтың картасына 40–114 мың теңге аударған.

Сот кінәні мойындауы, шын жүректен өкіну және зиянды өтеу сияқты мән-жайларды ескере отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады және пробациялық бақылау белгіледі.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.