Ерасыл Сәулебеков жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды


88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сәулебековке тең келер ешкім болмады. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 344 (153+191) келі көтеріп, жарыста топ жарды.

Екінші орынды өзбекстандық Бекзод Гофиржонов алды — 341 (151+190) келі. Ал үндістандық Сайраж Пардеши үздік үштіктен көрінді — 338 (152+186) келі.