Еліміздің екі өңірінде ауа райы нашарлап, жол учаскелері жабылды


19:36, 11 ақпан 2025

2025 жылы 11 ақпанда сағат 19:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты еліміздің екі өңірінде жол учаскелері жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі мәлім етті.

Шығыс Қазақстан облысында:

«Алматы — Өскемен-Шемонаиха — РФ шекарасы» тас жолының 1013 — 1048 шақырым аралығындағы учаскесі (Абай облысының шекарасы-Ұлан ауылына бұрылыс);

Абай облысында:

«Алматы–Талдықорған–Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» тас жолының 971-1013 шақырым учаскесі (Қалбатау ауылы-ШҚО шекарасына дейін);

«Алматы — Өскемен-Шемонаиха — РФ шекарасы» тас жолының 1013 — 1048 (Абай облысының шекарасы-Ұлан ауылына бұрылыс) учаскесі жабылады.

«Дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар. Ауа-райы жағдайы мен жолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар», деп ескертеді төтеншеліктер.

Бұған дейін Қазақстанның батысында Ресейдің шекарасына апаратын жолдың жабылғанын хабарлағанбыз.