23:27, 17 маусым 2025
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингісінде 11-орында) Германияның Берлин қаласында өтіп жатқан турнирдегі алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытайлық теннисші Чжэн Циньвэнь (WTA-ның 4-ракеткасы) жарыстан шығып қалғандықтан, оның орнына «лаки-лузер» – америкалық Эшлин Крюгер (WTA рейтингісінде 33-орында) қатысты.
Рыбакина америкалық теннисшіні екі сетте жеңіп шықты – 6:3, 7:6. Келесі айналымда Елена чехиялық Катерина Синяковамен (74-орын) кездеседі. Айта кетейік, Синякова – жұптық сында әлемнің бірінші ракеткасы.
Қазақстандық теннисші бұған дейін де биыл Крюгермен кездескен. АҚШ-тағы Майами турнирінде америкалық спортшы сенсация жасап, Рыбакинаны үш сетте жеңген еді – 6:4, 2:6, 6:4.
Берлин турнирінің биылғы жүлде қоры – 925 661 еуро. Жеңімпаз 142 610 еуро мен 500 рейтингтік ұпай иеленеді.
Айта кетейік, 17 маусым күні Елена Рыбакина 26 жасқа толды.






Leave a Reply