Ебіней Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне «ұлттық» мәртебе берілді


17:47, 12 тамыз 2025

Ебіней Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне «ұлттық» мәртебе берілді. Қуанышты хабарды мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Президент жарлығымен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне «ұлттық» мәртебе берілді. Бұл – әділетті әрі тарихи шешім. Себебі 1991 жылға дейін Қазақстанда тек екі университет деңгейіндегі жоғары оқу орны болды: ҚазМУ және КарМУ (қазіргі Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті). Бұл факт КарМУ-дың сол кездегі де, бүгінгі де деңгейі мен әлеуетін айқын көрсетеді», – деп жазды Аймағамбетов.

Бұл бюджеттен бөлінетін қаржының артуына әсер етеді.

Осыған сай университеттегі ұстаздардың еңбекақысы өсіп, оқу ордасынык материалдық-техникалық базасы дамиды.

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (1972 жылы құрылды) – 1992 жылдан бері академик Е.Бөкетовтың есімімен аталады (оған дейін педагогикалық институт; 1972 — мемлекеттік университет ретінде қайта құрылды)

Бүгінде университетте шамамен 13 мың студент білім алып жатыр, 13 факультет пен 48 кафедра қызмет көрсетеді.

2024 жылы оқу орнына «зерттеу университеті» мәртебесі берілген еді.