Маңғыстаудың 87 жастағы қолөнер шебері Шархат Төлемісова Димаш Құдайбергенмен кездесіп, өзі оған арнап жасаған сыйлығын табыс етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қарт ана әншіге кәдесыйын табыстау үшін «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» мерекелік шарасының ашылу салтанатына арнайы келіп, 2 күн бойы қатысты.
«Біз – қазақпыз. Қазақтың кішкентай қызы болып өстік, қазір ана болдық, ауылдың данасымыз. Димаш – өзіміздің баламыз. Ақтауға келеді дегенді естіген соң, «неге бір тал шашақ байламасқа?» деп ойладым. Сондықтан кездесіп, домбырасына өз қолыммен тағуды жөн санадым», – деді қолөнер шебері
Өз кезегінде Димашта әженің қасына еріп келген 10 жасар шөбересіне алқасы мен жүзігін сыйға тартты.
Бұған дейін Динара Сәтжанның алғаш рет күйеуін көрсеткендігі жайлы жазған болатынбыз.






Leave a Reply