Димаш Құдайберген тағы бір өнерімен тамсандырды


13:58, 14 ақпан 2025

Димаш Құдайберген тағы бір талантымен жанкүйерлерін таң қалдырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әнші 14 ақпанда өзінің Instagram парақшасында нысана көздеген бейнесін жариялады.

«Өмірімде бірінші рет ойнап тұрмын, қызық тәрізді»,- деді әнші бейненің жазбасына.

Нысанаға дәл тигізген Димаштың бейнесіне оқырмандары таңданыстарын жасырмастан, оның барлық істе шебер екендігін айтты.

  • Мерген екенсің!
  • Керемет! Не дегенмен қаақтың жігіті ғой…мергендік қанында бар)
  • Жігітке жеті өнер де аз. Жарайсың, Димаш!
  • Сегіз қырлы, бір сырлы деп осыны айту керек)
  • Көз тимесін, мықтысың!

Бұған дейін Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ақынның өлеңіне жазылған жаңа ән радиодан шырқалғандығы хабарланған болатын.