Димаш Құдайберген Нью-Йоркте өткізетін концертіне қызу дайындық үстінде


09:35, 26 қыркүйек 2025

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әлемдегі ең беделді алаңдардың бірі – Нью-Йорктегі Madison Square Garden-де өнер көрсетуге дайындалып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұйымдастырушылар 25 қыркүйекте Instagram парақшасында концертке 10 күн қалғанын және билеттер саны шектеулі екенін мәлімдеді.

Stranger деп аталатын шоу 5 қазан күні өтеді. Аренада қазірдің өзінде әртістің есімі жазылған афишалар ілінген.

Желіде жарияланған жазбада: «Концертке 10 күн қалды. Қалған билеттер саны шектеулі»,- деп жазылған.

Бұған дейін Қайрат Нұртастың өз концертіне билет сатылымы бойынша рекорд жаңартқанын жазғанбыз.