Димаш Құдайберген Алматыдағы фан-кездесуіне билеттердің қашан сатылымға шығатынын айтты


10:21, 21 сәуір 2025

Димаш Құдайберген 2025 жылғы 26 мамырда өтетін Алматыдағы фан-кездесуіне билеттердің қашан сатылымға шығатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл жайлы өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Фан-кездесу билеттерін Ticketon сайтынан ертең сағат 20:00-ден бастап алуға болады. Ал 27 мамырда біз сіздермен «Stranger» концертінің кинотеатрлардағы көрсетілімінде көрісеміз!»,- деп жазды ол.

Әншінің әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлері міндетті түрде келетіндерін жазып пікір қалдырды. Енді бір фанаттар тобы сайттың жақсы жұмыс істеуін сұрады.

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Мехикода мерекелік шара ұйымдастырғандығы хабарланған болатын.