Димаш Құдайбергеннің жаңа әні көпшіліктің көңілінен шығуда


Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жаңа жетістігімен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 8 сәуірдегі таратылған ақпаратқа сүйенсек, бір ай бұрын әлемдік музыка алаңдарында Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Love’s Not Over Yet» әнінің премьерасы өтті.

Әлемнің түкпір-түкпірінен 120 миллионнан астам трекке қол жеткізуге мүмкіндік беретін француздық Deezer музыкалық ағынды платформасында «Love’s Not Over Yet» Венгриядағы ең көп тыңдалған 100 әннің қатарына енді.

Сурет: dimashnews

Чехияның OCKO.TV музыкалық арнасы Димаштың жаңа әнін премьерадан кейін бірден Топ-20 үздік әндердің қатарына қосқан болатын. Сондай-ақ, бұл композиция үш аптадан бері Ocko Chart рейтингінде бірінші орында тұр.

Сурет: dimashnews

Бұған дейін Астанада Дженнифер Лопестің ғана емес, Крейг Дэвид, сондай-ақ Ресей мен Қазақстанның бірқатар үздік жұлдыздары өнер көрсететін музыкалық фестиваль өтетіні жайлы жазған болатынбыз.