Демеу Жадыраев жартылай финалға өте алмады


19:34, 18 қыркүйек 2025

Грек-рим күресінен Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық балуан Демеу Жадыраев ширек финалда жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

77 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшы жартылай финалға шыға алмады.

1/4 финалда ол жапониялық Нао Кусакаға 2:4 есебімен есе жіберді.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында да Жадыраев дәл осы Кусакадан жеңілген болатын.