РГП «Қазгидромет» мамандары 2025 жылғы 9, 10 және 11 тамызға арналған Астана, Алматы және Шымкент қалаларының ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астанада
9 тамыз: Аспандағы бұлттар аралас, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыс бағытында, 7-12 м/с жылдамдықта. Түнгі ауа температурасы +8…+10°, күндіз +20…+22°.
10 тамыз: Аспан бұлтты аралас, жауын-шашын болмайды. Жел солтүстік-шығыс бағытында, 5-10 м/с. Түнде +8…+10°, күндіз +22…+24°.
11 тамыз: Бұлтты аралас, жауын-шашын жоқ. Жел оңтүстік-шығыс бағытында, 5-10 м/с. Түнгі ауа температурасы +10…+12°, күндіз +25…+27°.
Алматыда
9–11 тамыз: Аспан бұлтты аралас, жауын-шашын күтілмейді. Жел оңтүстік-батыстан, 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +20…+22°, күндіз аптап ыстық — +34…+36°.
Шымкентте:
9 тамыз: Аспан бұлтты аралас, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +20…+22°, күндіз +37…+39°.
10–11 тамыз: Бұлтты аралас, жауын-шашын болмайды. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, 8-13 м/с. Түнде +22…+24°, күндіз +37…+39°.
Бұған дейін «Қазгидромет» РМК синоптиктері 2025 жылғы 9, 10 және 11 тамыз күндеріне арналған ел аумағы бойынша ауа райы болжамын ұсынған болатын.






Leave a Reply