Дағыстанда адам толы тікұшақ үй үстіне құлады


19:44, 7 қараша 2025

Дағыстанда Ачи-Су елдімекенінде тікұшақ жекеменшік қараусыз үйдің үстіне құлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Известия» басылымының мәліметінше, тікұшақ бортында барлығы жеті адам болған, олардың үшеуі бірден көз жұмса, ал біреуі сыртқа шыққанымен көп ұзамай жан тапсырған. Ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы ауыр екені белгілі.

ТЖМ аймақтық басқармасының мәліметінше, тікұшақ Кизлярдан ұшып шығып, Избербашқа бағыт алған.

Тамыз айында Қазақстанда жеңіл авиация қызметіне тыйым салынғаны хабарланған.