11:26, 23 ақпан 2026
Алматылық «Қайрат» құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаев жаңа маусым қарсаңында ойын нөмірін ауыстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы sportarena.kz басылымы жазды.
Клубтың негізгі құрамын таныстыру кезінде Сатпаевқа №10 нөмірі берілгені белгілі болды. Өткен маусымда ол №9 жейдемен ойнаған еді. Ал «ондық» бұған дейін грузиялық жартылай қорғаушы Гиорги Зарияға тиесілі болған. Ол қысқы трансферлік кезеңде «Қайраттан» кеткен.
Команданың қақпашысы Темірлан Анарбеков те ойын нөмірін өзгертті. Ол №77-ден №1-ге ауысты. Бұл нөмірмен бұған дейін экс-қақпашы Александр Заруцкий өнер көрсеткен болатын.
Ал №9 нөмірімен енді бразилиялық шабуылшы Эдмилсон өнер көрсетеді. Сондай-ақ, жартылай қорғаушы Олжас Байбек №8 жейдені таңдаған.
Бұған дейін «Қайрат» футбол клубы Алматыда қатарынан үш матч өткізетіндігін жазғанбыз.






Leave a Reply