Дархан Кәлетаев Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды


12:37, 17 сәуір 2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Кәлетаевты Қазақстанның Украинадағы елшісі қызметінен босатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 17 сәуірде Ақорданың Telegram-каналынан белгілі болды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды», – деп жазылған ресми ақпаратта.